Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір жасар қыздың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Алматыда анасы бір жасар қызын бала күтушіге тастап, сол күйі хабарсыз кеткен.

Бұл туралы Рatrul.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алматыдағы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына 2017 жылы дүниеге келген қыз келіп түсті.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, ата-анасы тастап кеткен қыздың бала күтушісі полицияға хабарласқан.  2017 жылдың қазан айында сәбидің анасы бала күтушісіне аздаған уақытқа кететінін айтқан. Сондықтан бала күтушісінен қызына қарау тұруын сұрап, ақысын төлеуге уәде етіпті. Алайда анасы сол кеткеннен әлі күнге дейін оралмапты.

Бала күтушісінің қолында қыздың туу туралы куәлігі бар. Құжатта қыздың Таразда дүниеге келгені көрсетілген. Сондай-ақ, баланың ата-анасы туралы деректер де бар. Анасы Өзбекстан тумасы екен.

Балалар ауруханасыныың дәрігерлері сәбиді тиісті тексерулерден өткізді. Қыздың денсаулығы жақсы.

Полиция қызметкерлері баланы таныған немесе оның ата-анасы туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан 2 76 58 00 немесе «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұзындығы 7 шақырым болатын көлік кептелісі орын алды

Қызылордада басшылыққа ақша тасудан шаршадық деген жұмысшылар жанжал шығарды

СҚО-да үш баласын жалғыз асырап отырған ер азамат құлағалы тұрған үйді паналап отыр

Алматы облысында Әділет департаментінің қызметкерлері басшылықтың былығын жайып салды

Талқылау