Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Батырхан Шүкеновтің «Аманат» альбомының тұсауы кесілді

Алматыда Батырхан Шүкеновтің «Аманат» альбомының тұсауы кесілді. Бұдан бөлек әншінің атына мәдениет орталығы ашылмақ.  Онда фото,видео студия мен Шүкенов мұражайы болады.

батыр 22

Бұл туралы STAN.KZ  “ҚазАқпарат“-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды

«Бұл альбомды кезінде Батыр өзі шығарамын деп әзірленіп жүрген еді. Кей әндер бұрын жазылып қойған. Кей әндер соңғы айларда жазылып жатыр еді. Альбом құлаққа кіріп бойды алатын әндерден тұрады. Ең бір үздік әндер жинақталған. Тыңдаудан жалыққан емеспін. Сіздерге «Аманат» ұнайды деген үміттемін. Осы еңбекті шығаруға көмектескен адамдарға үлкен алғысымды айтамын», – деді Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов.

Альбомға Қуат Шілдебаев, Еркен Ынтықбаев, Ринат Ғайсин, Төлеген Мұхамеджанов, Шәмші Қалдаяқовтың 10 композициясы кірген.

Әншінің досы келер жылы ойға алған жоспарларымен бөлісті.

2016 жылдың көктемінде үлкен мәдениет орталығының құрылысы басталады. Ол үшін қажетті жер телімі бөлінді.

«Кешенде дыбыс режиссурасының ұлттық мектебі ашылады. Батыр соны армандаған. Аудио, видео, фото студия ашылады. Орталықта музей мен ескерткіш қойылады», – деді О.Байқанов.

Сондай-ақ Алматы әкімдігінің қолдауымен тағы үш студиялық альбом жарық көреді. Әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм түсіріледі.

8 желтоқсанда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған кеш өтеді. Оған қазақстандық және ресейлік өнер жұлдыздары қатысады. Онда Батыр әндерін үздік орындаушылар Әсел Қарсыбаева мен Әнуар Мамыров сахнада дуэт болып ән шырқайды. Олардың қандай ән орындайтыны әзірге құпия.

 

Талқылау