Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балалар үйінде өскен жігіт өзін тастап кеткен анасын іздеп жүр

Ес білгелі жақындарын бірде-бір рет көрмеген тастанды бала биологиялық әке-шешесін іздеп жүр. Алматыда №1 балалар үйінде өскен Нұрсұлтан Нұрқасымов анасының аялы алақанын сезінуге әлі үмітті.

Жас жігіт жақындарымды тапсам қателіктері үшін сөкпеймін, керісінше көмек көрсетуге даярмын деп отыр. Алайда еліміздегі бюрократиялық жүйе «анаммен қауышамын» деген Нұрсұлтанның ниетіне қол байлау болып отыр екен, деп хабарлайды 31 арна.

Нәресте күйінде анасының шарасыздығынан ба, әлде өзге бір себептерден бе перзентханада жалғыз қалған Нұрсұлтан қазір 21 жаста. Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде психолог мамандығын игеріп, қосымша жұмыс істеп жүр. Бұйырса келер жылы кезегім жетіп, пәтерлі болып қаламын -дейді өзі. Алайда  кеудесі толған шер. Арманы – анасымен танысып, оған балалық махаббаты мен қамқорлығын сыйлау.

“Анамды көргім келеді. Қиын жағдай болып жатса да, мен оның бәріне дайынмын, көмектесуге де, бәріне”, – дейді тұрғын Нұрсұлтан Нұрқасымов.

Әлеуметтік педагогтардың көмегімен Нұрсұлтан өзі дүниеге келген перзентханадан анықтама алған.  Онда анасының аты-жөні, туған жылы мен күні көрсетіліпті. Алайда бұл атпен елімізде тіркелген бір де бір адам табылмапты. Мүмкін аты қате жазылып кеткен болар деп, перзентханаға қайта айналып барғанда, бас дәрігер бас тарту жөніндегі өтініш, қабылдау актісі сияқты құжаттарды дәрігерлік құпия деп көрсетпей қойған көрінеді.

“13 наурызда 1997 жылы Алматы қаласы бойынша №2 перзентханада босанған аналар, Нұрсұлтанның анасымен бірге жатқан аналар болса, Нұрсұлтанға хабарласып, анасының жалған атпен түскенін, сырын білетін аналар болса, Нұрсұлтанға хабарласып, бір көмек ұштарын берсе екен деп ойлаймын”,  дейді  әлеуметтік педагог Жадыра.

Нұрсұлтан бала кезінде анасына іздеу салып, түрлі телевизиялық бағдарламаларға да қатысқан көрінеді. Алайда ол да нәтижесіз. Сонда да жігіт үмітін үзбейді. Тек ресми органдар қолымнан қақпаса, қолдан тосқауыл жасамаса екен деген тілегі бар.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік шенеуніктер тасқыннан зардап шеккендерге ақша бөлуден бас тартты

“Евразия” арнасы бас директорының орынбасары “Қалаулым” бағдарламасына айтылған сындарға жауап берді

Құтқарудан бас тартты: Қостанайлық қыз пәтерге құбыр арқылы көтерілмек болған

Талқылау