Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйел адамның мәйіті табылды

Алматыда Камышинский мен Майлин көшелерінің қиылысынан әйел адамның мәйіті табылды.

1503516070_20170823235615_img_3024

Марқұмның жасы шамамен 30-да. Криминалистердің мәліметінше, әйелге қысым көрсеткен. Алайда өлімнің нақты себебі тексеруден соң белгілі болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

1503516026_dsc_0421

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, марқұм әйелдің тұрақты баспанасы болмаған. Бұл ауданда жүргеніне 4 күн болыпты. Мәйіттің жанынан бөтелкелер табылды.

1503516015_20170823235940_img_3042

Коммуналды қызмет өкілінің айтуынша, марқұм әйел 1986 жылғы. Оның 4 жастағы баласы бар. Әйел  коммуналды қызметте жұмыс істеген. Ішімдікке әуестігінен жұмыстан қуып жіберіпті. Қазір өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Алматы қаласынан 95 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ОҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды

Елімізде дінді желеу етіп балаларына екпе салдырудан бас тартқандарға айыппұл салынғбақ

Талқылау