Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауқатты отбасының баласын өлтірген жүргізуші сот барысында қайтыс болды

Алматыда адам өлтірді деп айыпталып жатқан сотталушының өзі тергеу кезінде көз жұмды.

0081

Көрнекі сурет

Наметовке қатысты сот отырысы тоқтатылды. Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы алматылық отбасының жүргізушісі болған.

Қайғылы оқиға болар күні айыпталушы Наметов пен жұмыс беру әйел Қазақстан қонақүйіне барып, ұлы Мұқанды алып кетпек болады. Алайда Мұқан анасына бағынбай қонақүйге кіріп кетеді. Әйел жүргізушіден ұлын көлікке отырғызуын сұрайды. Мұқан екеуіне де бағынбай жеделсатымен жоғары шығып кетеді. Наметов оны лифтіден күтіп алмақ болғанда, Мұқан оған бірнеше соққы жасаған. Өзін қорлады деп санаған Наметов оны желкесінен ұрып, жеделсатының ашық шахтасына итеріп жіберген. Шахтаға құлаған Мұқан сол жерде мерт болды.

Наметов ізін жасыру үшін жолаушылар лифтісіне қарай кетіп қалған. Тергеу кезінде Наметовтің өзі 22 маусым күні №12 қалалық клиникалық емханада көз жұмған. Соған байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігер үміт жоқ деген: Марлен мен Әнел ауыр дертті қалай жеңгендерін айтып берді

ОҚО-да 70 жастағы қария өзіне әйел іздейтінін айтып хабарландыру жариялады

Алматы облысында ұшақ құлап 2 адам қаза болды (видео)

Талқылау