Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда атышулы қызылордалық қылмыскер қолға түсті

Алматыда «Әдөн» атты лақап атпен аталып кеткен қызылордалық қылмыскер қолға түсті. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі, Қызылорда қаласының тұрғыны Әділет Серікбаевқа өткен жылдың қараша айынан бастап іздеу жарияланған болатын. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алматыда атышулы қызылордалық қылмыскер ұсталды

«Кеше Қызылорда облысы ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қызылорда қаласының тұрғыны Әділет Серікбаевты Алматы облысының аумағында қолға түсірді.  Жедел ұсынылған деректер бойынша ол ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі, сонымен қатар қылмыстық топтарда «Әдөн» деген лақап атпен танылған қылмыскер», – деді Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаев.

Қылмыскерге өткен жылдың қараша айында Қызылорда облысының соты оны бұзақылық жасағаны (ҚР ҚК 233-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы) үшін төрт жылға  бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ ол соттан қашып кетіп, сол уақыттан бері оған іздеу жарияланды. Ол әртүрлі қылмыстарға, соның ішінде бұзақылыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз:

Синоптиктер Алматыдағы күтпеген қардың себебін түсіндірді

Автобус иесі қашып жүр: 52 өзбек азаматының өліміне кім жауап береді

Асанәлі Әшімовтің келіншегі абыз актердің бұрынғы әйелімен және балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Темір контейнердегі мәйіт: Оралда кісі өлтірген күдікті қолға түсті

 

Талқылау