Алаяқ SIM-карта көшірмесі арқылы өзгенің есепшотынан жарты миллион долларды шешіп алған
Алаяқ Қытайда оқитын алматылықтың есепшотынан жарты миллион долларды жымқырып кеткен.
Бұл туралы Sputnik News хабарлайды.
Қылмыстық іс материалы бойынша, 2015 жылдың күзінде Алматы облысының 28 жастағы тұрғыны Анатолий Иванов АТФ Банкте Шымкент тұрғынына тиесілі ірі көлемдегі (552 875,64 АҚШ доллары) депозит шотының ашық екенін біледі. Иванов пен оның сыбайластары шотты басқаруға арналған жалған нотариалдық сенімхат әзірлейді. Сонымен қатар, жалған құжаттар арқылы олар зардап шегушінің SIM-картасының көшірмесін жасатып алып, банк менеджерінің сауалына жауап беру жағын да ойластырады.
Тоғызыншы қараша күні Иванов банк бөлімшесіне келіп, шот иесінің атынан депозитті басқару және иемдену туралы сенімхатты тапсырады. Банк бөлімшесінің басшысы банк клиентінің телефонына қоңырау шалып, Ивановтың расында сенімхат иеленуші адам екенін тексереді. Нәтижесінде Иванов депозит шотынан 7 мың долларды алып, ал қалған ақшаны теңгеге айналдырып (165,3 миллион теңге) басқа банктегі өз шотына аударады.
Сотта Иванов өз кінәсін мойындаған. Алайда ол бұл әрекеттің барлығын “Рус” есімді белгісіз адамның қысымымен жасағанын айтыпты. Алайда құқық қорғау органдары жинақтаған мәліметтер бойынша, Иванов өзіне қауіп төнгеніне қарамастан полицияға еш хабар бермеген. Әрі оның өміріне қауіп төндіруші адамдар, бұл іс емес жеке бас мәселесіне қатысты болуы да мүмкін.
Нәтижесінде 2016 жылы 5 қазанда Алматы қаласындағы Бостандық аудандық №2 соты Анатолий Ивановты 7 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Ал АТФ Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл күдікті жағдайды банктың өзі байқап қалып, құқық қорғау органдарына хабар берген.
“Біздің клиент материалдық тұрғыдан зардап шекпеді. Банк ұрланған ақшаны толықтай қайтарды”, – деп хабарлады банк. Тиісінше бұдан кейін банктың бақылау жүйесі бұрынғыдан да қатаңдатылған.
Оқи отырыңыз:
Сот Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айырды
Теміртаулық оқушылардың қарт адамды жабыла сабаған видеосы желіде пайда болды (видео)
ОҚО-да ауладан табылған қыз сот шешімімен асырап алған анасында қалдырылды
Зарина Омарова сахнаға қайта оралу үшін 25 келі салмақ тастаған