Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда адам өмірі үшін қауіпті қарақұрттар табылып жатыр

Қарақұрт – ең улы өрмекші. Бұл жәндіктер Алматыдағы пәтерлерден табыла бастады.

Азамат Батыйұлы желіде пәтерінен қарақұрт тауып алғанын жазды, деп хабарлайды Евразия арнасы.

«Алматылықтар, сақ болыңыздар! Бүгін үйімнің төбесінен қара өрмекшіні көріп өлтірдім. Анықтап қарасам, қарақұрт екен. Сырты жалтырап тұр. Құрақұрт шағып алған жағдайда жедел жәрдем шақырыңыз. Өйткені оның уы өте қауіпті», – деп жазады ол.

Құрақұрт аналығының уы жылан уынан 15 есе уытты.

«Бұрын қарақұрт далалы аймақта болатын. Қазір адамдар хабарласып, үйінен тауып жатқандарын айтады. Бұл бізді алаңдатып отыр», – дейді дезинсектор маман Гульчехра Имирова.

Қарақұрттардың қалада көбеюінің бір себебі – кәуәп бизнесі. Құрақұрттар кәуап пісіретін сексеуілдермен бірге келеді. Аналықтары сексеуілдерге жұмыртқалайды.

Одан бөлек балық аулауға, аңшылыққа баратын қала тұрғындарының өзі де улы жәндікті өзімен бірге тасымалдайды.

Дәрігерлер биыл қарақұрт шаққан жағдай тіркелмегенін айтады. Бірақ мамандар тұрғындарды сақтыққа шақырады. Қарақұрттың шаққанын адам сезбейді. Ал, уланған адамның денсаулығы нашарлаған жағдайда оны басқа аурумен шатастырып алуы мүмкін. Қарақұр тшаққанда адамның жүрегі айнып, терлеп, денесі ауыр болып тұрады.

«Қарақұрт шағып алған жағдайда, дәрігерлер келгенше ауырған жерге кез келген антисептик жағу керек. Егер ауырсыну болса, ауырсынуды басатын дәрі беру керек. Егер жүрегі айныса, жүрек айнуды басатын дәрі ішкізеді. Жәндік шаққан жерді сықпау керек», – дейді дәрігер Талғат Шәкіров.

Дәрігерлер науқасқа уды қайтаратын арнайы дәрі салады. Бірақ көмекке дер кезінде келу керек. Егер қарақұртты үйден тауып алсаңыз, дезинсектор мамандарын шақырыңыз. Қарақұртпен өз бетінше күресу адам өмірі үшін қауіпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау