Алматыда 35 жастағы Өзбекстан азаматы жоғалып кетті
Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен шетелдік азамат әлі де іздестіріліп жатыр. Құзырлылардан хабар болмағандықтан, Хасан Хожамқұловты іздеуге енді еріктілер тобы кірісті. Бір анығы жоғалған жан дін аман.
Бұл туралы “Алматы” арнасы хабарлады.
Атпалдай отыз бес жасар жігіттің ізім-ғайым жоқ болып кеткеніне тура үш жұманың жүзі болған. Хасан Қожамқұлов жақында ғана Өзбекстаннан Алматыға ем қабылдау үшін келіпті. Алып шаһарды жөнді білмейтіндіктен адасып, тентіреп қалуы да мүмкін деген болжам бар. Осыдан екі күн бұрын бейтаныс әйел адам оны сауда орталығында көргендігін телефон арқылы жеткізіпті.
«Жексені күні сағат 12-де көрдік, тамақ бердік», – дейді. Апорт 2 қабатында. Сосын екі күннен кейін сенбі күні хабарласты», – деді Өткер Хожақұлов.
Бұл жоғалған азамат туралы соңғы хабар. Қазір аталған сауда орталығында орналастырылған барлық бейнебақылау камерасына жазылған видеолар тексеріліп жатыр. Айта кетейік, Хасан Қожамқұловтың ағайын-туыс баруырлары, уақытша жалдап тұрған «Қалқаман» ықшам ауданының маңайына оның суретін іліп шыққан еді. Құзырлылардан ләм-мим деген хабар болмағандықтан, еріктілер тобы бұл жұмысты әрі қарай жалғастырып, білек сыбана кірісіп кетті. Үлкендердің үміті енді жас жеткіншектерде.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 27-ші желтоқсанында Хасан Қожамқұлов жалдап тұрған үйінен «Қалқамандағы» аурухана қарай баруға бет алған. Бірақ, діттеген жеріне жетпепті. Оның сәл ұмытшақтық ауруы болғанмен, тепсе темір үзетін азамат. «Жұмысты жапырып істейтіндігін біліп-баққан адам, оны қара жұмысқа жегу үшін әдейілеп қамап ұстауы да әбден мүмкін», – дейді жақындары.
Жіберіп алмаңыз:
Атыраулық жүргізуші аязда адамдарды тегін тасып жүр (видео)
Ақтөбедегі өрт: 52 адамның 32-сінің аты-жөні белгілі болды
Жетім балаларды асырап алғандар табыс салығынан босатылады
2018 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қалай өзгереді