Алматыда 3 жасар баланың анасына іздеу жарияланды
Өзін Бағдан деп таныстырған балақайдың туыстары іздестіріліп жатыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Баланы полиция қызметкерлері осыдан екі апта бұрын балаларды бейімдеу орталығына жеткізді.
Олардың айтуынша, тастанды баланы 2 ай бойы бөтен келіншек баққан. Себебі, көкек ана баласын қарай тұр деп қалдырып, сол күйі оралмапты. Бүлдіршін не анасы туралы, не жақындары туралы еш ақпарат айтпады.Тіпті, баланың жасы да, аты да нақты емес. Бала өте тәртіпті, адамды жатырқамайды. Бейімдеу орталығына жылдам үйреніп, мұндағылармен тез тіл табысып үлгеріпті. Алайда, осы күнге дейін бүлдіршінді іздеп келген тірі жан жоқ.
«Баланы іздеп ешкім келмеді. Сондықтан біз бүгін баланы көрсетейік дедік. Өйткені кімде кім біліп жатса әрбір мәлімет бізге өте қымбат. Бала анасы жайлы бір нәрсе айтпайды. Бала өзі көбіне орыс тілінде сөйлейді. Анасы орыс тілінде сөйлескен ғой деймін. Кім оған жақсы көңілмен қараса сол адаммен еріп кете береді. Өте жақсы бала», – дейді Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы директорының міндетін атқарушы Райса Сейполда.
Тағы оқыңыз:
Оралда дүкеннен сатып алынған күріш суда өзімен-өзі еріген (видео)
СҚО-да бір отбасының 15 жылға несиеге алған үйі жанып кетті
2018 жылы қандай әуе рейстетерін мемлекет қаржыландырады
Алматы облысында 2 баланың анасы бір апта бойы танысының үйінде тығылып жатқан