Алматыда 23 жастағы ана үшемді өмірге әкелді (фото)
Алматы қаласындағы Перинатальды орталықта биыл төртінші рет үшем дүниеге келді.
Өмірге үшемдердің келуі көбейген сайын қазақ қуануы тиіс. Ұлт қамын, ұрпақ қамын ойлаудың бір жолы осы. Жас отбасы Әділ Ағытаев пен Нұрсәуле Берікқызының қуаныштарының орны тіпті бөлек. Өйткені, бұл үшем – олардың тұңғыштары, деп жазады Айқын басылымы.
23 жасында Ералы, Нұрәлі және Хадиша есімді нәрестелерді дүниеге әкелген Нұрсәуле мен олардың денсаулығын қадағалаған ақ халаттылардың да айтары – ұлтымыздың көбейгені керек.
Дәрігерлердің айтуынша, үшемнің салмақтары әртүрлі. Ералы мен Нұрәлі – 1800, 1652 грамм болса, Хадишаның салмағы – 1714 грамм. Қазір ананың да, нәрестелердің де денсаулығы жақсы. Олар күні кеше перезентханадан шығып, үйлеріне қайтты.
Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өткен төрт айда перзентханалар мен перинатальды орталықтарда 13 665 нәресте өмірге келген. Олардың арасында 182 егіз және 4 үшем бар.
Тағы да оқыңыз:
Министр зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді
Тойға өтірік қонақ болып келіп ұялы телефон жымқырумен айналысқан атышулы ұры қолға түсті