Алматыда 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылады
Алматыда ауа-райына байлаанысты 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«2018 жылдың 26 қаңтарында ауа температурасының 25 градустан төмен болуы салдарынан Алматы қаласының мектептерінің 1-9 сыныптарында сабақтар тоқтатылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Бүгін де Алматының бірқатар мектептерінде бастауыш сыныптардың сабақтары тоқтатылған болатын. Олар:
Алатау ауданы «Заря-Восток» ықшам ауданындағы №150 мектебі
Бостандық ауданы Нұрлытау ықшам ауданындағы №190
«Қазақфильм» ықшам ауданындағы №88, №70 мектептері.
Наурызбай ауданы Қарағайлы ықшам ауданындағы №192 мектеп
Медеу ауданы Алатау ауылындағы №7 мектеп бастауыш сыныптары мектепке бармады.
Қалалық білім бөлімі басшысы Ләззәт Жылқыбаеваның айтуынша, бұл мектептер Алматының тауға жақын ықшам аудандарында орналасқан.
24 қаңтарда Алматы қаласы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сандуғаш Баймухамбетова -25 градус аязға екпінді жел қосылғанда Алматы мектептеріндегі бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылатынын ескерткен болатын.
Тағы оқыңыз:
Елордалық блогер аязды күні құстарға қамқор болуға шақырады (видео)
Литваның бұрынғы білім министрі ҚазҰМУ-дың проректоры болып тағайындалды
Талдықорғанда телефонда көп отырма деп ескерту алған оқушы асылып қалды
Астанада қайырымды жандардан бөлек өз пайдасын ойлайтындар да көбейді