Алматы зообағында жыртқыш құстар отырған торға ағаш құлап түсті (фото)
Алматыда қатты соққан желдің кесірінен қалалық зообақ аумағындағы ағаштарды баудай құлатып түсірген.
Бұл туралы мекеме директоры Ержан Еркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты.
“Түнгі соққан дауыл зообаққа да залалын тигізді. Қатты желдің кесірінен бірнеше ағаш құлады. Олардың бірі жыртқыш құстар отырған тордың үстіне түскен”, – деп жазады ол.
Абырой болғанда табиғаттың тосын мінезінен адам да, аң да, құс та зардап шекпеген.
“Таңнан бері ұжым қызметкерлері мен мекеме әкімшілігі дауылдан кейін реттеу жұмыстарына белсене кірісті. Бұл сірә соңғы жағдай емес шығар. Мұндай ауа-райы әлі де жалғасуы мүмкін. Зообақтағы ағаштар әбден қартайған. Сол үшін біз апта сайын жаңа көшеттер отырғызып жатырмыз”, – дейді Еркінбаев.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбеде 17 жастағы қыз хат жазып қалдырып өзіне қол жұмсады
Таразда жойқын дауылдан үш адам ажал құшты
Шымкент қаласының билігі 30 мамыр күні жұртты көшеге шықпауға шақырды