Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды

Алматы мен Ташкент арасында жүрдек пойыз іске қосылды, ол жолаушыларды Өзбекстанға 16 сағат 30 минутта жеткізеді.

1832942

Алматы-2 теміржол вокзалынан Алматы-Ташкент бағыты бойынша жүрдек пойыз алғашқы рейске жіберілді.

Пойыз 21 наурзы күні 23:00-де аттанды. Пойыз Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік іссапары алдында салтанатты түрде іске қосылды. Алматы мен Ташкент арасындағы жүрдек пойыз билетінің бағасы: люкс – 13036, бизнес – 11077 теңге, купе – 9342 теңге және отыратын орындар – 4228 теңге. Пойыз Алматыдан дүйсенбі және сенбі күндері аттандырылатын болады. Жолда Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш және Ташкент станцияларына тоқтайды.

Өз сөзінде ҚТЖ вице-президенті Ерік Имашев халықтың игілігі үшін қос ел басшыларының келісімге келуінің маңыздылығын атап өтті.

«Пойыздардың Қазақстанда өндірілген “Тұлпар-Тальго” вагондарынан құралғанын қуана айтқым келеді. Сапарлау үшін барлық жағдай жасалған, оған жолаушылардың өздері жол жүру барысында көз жеткізеді. Бұдан бөлек, Қазақстанда республикамыздағы барлық облыстарды байланыстыратын 14 жедел рейстердің ашылғанын хабарлағым келеді», – дейді ол.

Айта кететін жайт, Астана мен Ташкент мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың қараушыларына 70% көлемінде жеңілдік беру туралы келісімге келді.

Айта кетейік, өткен жылы “Тұлпар-Тальго” вагондарының дизайны өзгертілген болатын.

Талқылау