Алматы облысының жол бойында көлік жолаушы әйелдің аяғын жұлып әкетті (фото)
Алматы-Қапшағай жол бойында жантүршігерлік жол апаты болды.
Көліктің алдынан 40 метр жерде жаяу жүргінші жүгіре өте шықпақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізуші дереу тежегішті басқанымен, тоқтап үлгермеген. Көлік 200 метр жүріп барып тоқтайды. Жүргізуші көліктен түсіп барғанда жолаушының аяғы жұлынып кеткенін көрген. Зардап шегуші сол жерде мерт болды. Жүргізуші полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырған.
Айта кетейік, апат болған аймақ халық қоныстанған елді-мекен емес. Жол бойында жарық та жоқ. Магистраль болғандықтан бұл жерде 140 км/сағат жылдамдықпен жүруге болады.
Талқылау