Алматы облысындағы алапат өрт: 32 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Алматы облысының өрт сөндірушілері таңертең 8-де тұрғын үйде тұтанған өртті әлі сөндіріп жатыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
2017 жылғы 1 қазан күні таңғы 8 шамасында облыс орталығынан 120 км қашықтықтағы Жансүгіров ауылында тұрғын үйден өрт шыққан. Осыдан кейін тілсіз жауды ауыздықтауға №25 өрт сөндіру бөлімшесі шұғыл түрде аттанған.
1959 жылы салынған 16 пәтерлі тұрғын үйдің ағаш шатыры толықтай дерлік өртеніп, екінші қабатқа өткен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің арқасында 32 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Өрттен үйдің шатыры, екінші қабаттағы 8 пәтер өртенген. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, өрт жалпы 440 шаршы аумақты шарпыған. Ол жалпы 9 сағат 51 минут ішінде ауыздықталған. Дәл қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда асфальт жаңбырға шыдамай опырылып жатыр (видео)
Алматыда той лимузині өртке оранды