Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жалақы алмаған жұмысшылар жолды жауып тастады

Алматы облысында бірнеше ай жалақы ала алмай жүрген жұмысшылар шу шығарды. Қоқыс полигонында еңбек ететіндер ашынғаннан қоқыс тиеген 30-ға жуық көліктің жолын жауып тастаған. Құрғақ уәдеге мезі болған наразы топ мердігер компаниядан маңдай тер ақыларын талап етті. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Таңнан кешке дейін Алматыдан шыққан қоқысты іріктеумен айналысатындар , екі ай бойына жалақы ала алмай жүр. Күнде ертеңге тойып біткендер, бүгін ашуға мініп, қоқыс төгетін полигонға кіреберісті жауып тастады.

Теңге жоқтықтан тарыққан жұмысшылар өздеріне назар аудартуға басқа амал қалмағанын айтады. Әйтпесе, үйлеріндегі шиеттей бала-шаға одан сайын ашыға түспек.

“Инфекция түскеніне қарамастан істеп жүрміз ғой. Не істейміз енді?. Бала-шағаны бағу керек. Еріккенен жүрген жоқпыз. Телефонын өшіріп тастаған. Таппай жүрмыз”, –  жұмысшы Күләш САДУОВА.

«Субханалла» деп әбден бізді тойдырды. Елге күлкі болдық. Не сұмдық бұл? Әділдігі қайда?. Күнде ертең беремін деп алдап келеді”, – дейді жұмысшы Ұлжан ЮСУПОВА.

Қоқыс полигонында қоқыстарды жеке-жеке бөлетін 60 жұмысшы бар. Әр адам бір күндік еңбегіне 4 мың теңге алады екен. Жалақыны «Тәртіп» компаниясы төлеуі тиіс. Алайда, мердігер компания екі айдан бері хат-хабарсыз, ізім-ғайым жоқ болыпты.Әйтсе де, араға екі сағат салып, полигонда компания өкілі де бой көрсетті. Келгені сол еді ашуға булыққан топ  қызметкерге бірден тап беріп, жағасына жармаса кетті.  Ал, келіссөзге келген компания өкілі болса, жауап берудің орнына камерадан қашып әлек.

“Мен жауап айта алмаймын. Ақшаларыңды бүгін беретін шығармыз. Алайда, бұл уәдеге жиналғандар сенбеген-ді. Бірақ, «Тәртіп» компаниясының басшылары наразылықты ести салысымен, расымен де қарыз болған жалақыны төлеуді бастап кетіпті. Бірақ мән-жайды камера алдында ашып айтуға құлықсыз”, – дейді компания өкілі.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында әскерге барған жігіт өлім аузында жатыр

Маңғышлақ-Алматы пойызының жолсеріктері жолаушы әйелді босандырып алды

Алматыда іздеу жарияланған қыз аман-есен табылды

Алматы облысында өгей қызын тістеп тастаған ер адамның соты басталды

Талқылау