Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ұшқыш пен бір тұрғынның өмірін қиған ұшақ апатының мән-жайы белгілі болды

Алматы облысында болған ұшақ апатының жай-жапсарын зерттеп, тексеріп жатқан құзырлы органдар бүгін алғашқы мәліметтерді жария ете бастады. Бұл туралы ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

d2f0f78bf95f3cd17a681ea8428ccddc-e1501146633992

Еске салсақ, ұшақ 2017 жылы 27 шілдеде Алматы облысы Шолақай елді-мекенінде жерге құлады.

ҚР инвестиция және даму министрлігі көліктік апаттар мен оқиғаларды тергеу департаментінің хабарлауынша, құлау салдарынан ұшақтың оң жақ жанармай багі жарылған және алдыңғы бөлігі өртеніп кеткен.

Ұшақ шаруа қожалығымен жасалған шартқа сәйкес ұшырылып, химиялық өңдеу бойынша қызмет көрсеткен. Ұшқыштың ұшақпен ұшуға және авиа-химиялық жұмыстар жүргізуге рұқсаты болған.

Жұмыс істеген аймақта қауіпті метеоқұбылыстар байқалмаған және болжанбаған.

Як-12М ұшағының қозғалтқышын зерттеп анықтау үшін 21 тамыздан бері комиссия Мемлекетаралық авиациялық комитет сарапшылары және “Шахтинский авиациялық-жөндеу зауыты” өкілдерімен (Ростов облысы, Ресей) бірге кездесу өткізуде. Бұл зауыт қозғалтқышты 2012 жылы жөндеуден өткізген. Соңғы рет жөнделгеннен бері ұшу ұзақтығы 397 сағат 55 минут.

Оқи отырыңыз:

Үлкендерге сәлем салуды шариғатқа қайшы деген жігіт жұртты шошытты

Елімізде бетін тұмшалап жүргендерге 200 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Елімізде латын әліпбиі мектептерде қай жылдан бастап оқытыла бастайды

Астанада полицейлер батыр ананы 7 баласымен паналап отырған жертөледен қуып жатыр

Талқылау