Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мектеп оқушысы Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр

Алматы облысында 15 жастағы Надира Қатыран осы күнге дейін Қазақстан азаматы ретінде тіркелмеген. Жасөспірімнің қолында Қытайда туылды деген куәлігі ғана бар. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Панфилов ауданы Шолақай ауылында тұратын Надираның ата-анасы қыздары Қазақстан азаматтығын ала алмай қала ма деп қорқады.

«Біз отбасымызбен 2004 жылы он адам болып көшіп келдік. Қытайдан келгенімізде қызым бір жарым жаста болатын. Сол кезде көші-қон полициясы отбасының 9 мүшесін ғана тіркеп, қызыма қатысты әрекет жасаған жоқ. Енді ол еш жерде тіркелмеген», – дейді Надираның атасы Қали Кұрманақын.

Сонымен қатар, жасөспірімнің Қытайда туылды деген куәлігінен басқа құжаты жоқ болғандықтан, ауылдан ешқайда шыға алмайды. Надираның атасы немересінің болшағына алаңдаулы. Сабақты үздік оқитын қыз осы құжатқа бола талай мектепаралық жарыстарға қатыса алмай жүр. Отбасы мүшелері 15 жастағы Надираға азаматтық алу үшін қанша жүгірсе де, оларға ешкім көмек көрсетпеген.

Келесі жылы Надира 16 жасқа толған соң жеке куәлік алу керек. Қыздың атасы облыстық маслихат депутаты Закіржан Күзиевтің қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық орталықтан көмек сұрады. Ал енді бұл мәселемен көші-қон полициясының қызметкерлері айналысады.

Жіберіп алмаңыз:

Такси шақыртып жүргізушіден таяқ жеген Астана тұрғыны ауруханаға түскен

Диплом сатамыз: қазақстандықтар желідегі жарнамаға шүйлікті

Атыраудағы мұнай зауытында қытай азаматтары күзетшілермен төбелесті

Астанада абақтыдан қашқан қылмыскердің әкесі ұлымды түрмедегілер ұрып-соққан деп отыр

Талқылау