Алматы облысында ер адамды ұрып-соғып, көлігінің жүксалғышына салып алған азаматтар ұсталды
Полицейлер тамыздың 14-нен 15-не қараған түні Алматы облысы Қапшағай қаласына жақын жерде ер азаматты ұрып-соққан 4 жігітті ұстады.
Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілердің Жамбыл облысының тұрғындары екенін білгілі болды. Олар қазіргі уақытта Алматыда жалдамалы жұмыс істеп, ақша тауып жүрген. Жәбірленген азамат Алматы облысының Бақанас ауылының тұрғыны.
Күдіктілер ол затымызды ұрлап алды деп айыптады. Осы себепті азаматты өздерінше жазалап, Daewoo Nexia көлігінің жүксалғышына салып қойған. Дәрігерлер жәбір көрген азаматтың денесінде көгерген іздер барын айтты. Қазір тергеу жүріп жатыр. Іс«Өзінше билік ету» және «Адам ұрлау» бабы бойынша қаралып жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды
1981 жылдан кейін туған адамдар зейнет туралы ұмытсын
Заңгер: Оғыз Доған «Эйр Астананы» сотқа берсе жеңуіне кепілмін