Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әуе апаты: бес адам қаза тапты

Алматы облысы аумағында ішінде бес адам болған Ан-28 ұшағы құлады.

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Алматыдан 28 шақырым жерде Алматы-Шымкент бағытында ұшқан East Wing әуе компаниясына тиесілі ұшақ құлады.

Борт Алматыдан 18:35-те шығып, Шамалған аумағына келген кезде радардан жоғалып кеткен. Белгілі болғандай бұл санавиация екен. Ұшақ бортында бес адам болған. Ұшақ құлағаннан кейін түгелімен жанып кеткен.

Бортта екі дәрігер мен екі пилот және науқас адам болған. Қазақстандық блогер Денис Кривошевтің мәліметінше, ұшақ ішінде болған бес адамның да мәйіттері сол маңға таяу жерлерден табылған.

“3 қазан күні сағат 19:15-те Алматы облысы, Іле ауданында Междуречинск ауылына жақын маңда санавиация желісі бойынша ұшу кезінде Ан-28 маркалы ұшақ құлап, өртенді. Ұшақ бортында болған 5 адам да қаза тапты”, – деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Алматы облысы әкімдігі мәліметінше, Ан-28 шаруа қожалығы аумағына құлаған.

ҚР инвестиция министрлігі оқиға орынында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Балқашта ер адам көршісінің итін пышақтап тастады

Алматы облысындағы алапат өрт: 32 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Алматыда асфальт жаңбырға шыдамай опырылып жатыр (видео)

Алматыда той лимузині өртке оранды

Талқылау