Алматы облысында бүлдіршін қызды азғыннан құтқарған бозбалаға марапат берілмек
Полиция сегіз жасар қызды құтқарып, күдіктіні ұстауға жәрдемдескен жас жігітке марапат беру мәселесін қарастырып жатыр.
Сурет:tengrinews.kz
Еңбекшіқазақ ауданында тұратын бозбаланың адамгершілік іс-әрекеті туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik.
Жас жігіт кішкентай қызды ер адамның қолынан құтқарып алып, кейін күдіктіні ұстауға көмектескен. “Қазіргі уақытта күдіктіні анықтап ұстауға жәрдемдескен азаматтарды марапаттау мәселесі қарастырылуда. Ұсталған күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр”, — деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Оқиға 14 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында болған: мас ер адам сабақтан қайтып келе жатқан сегіз жасар бүлдіршін қызға тиіспек болыпты.
Күдікті сол ауылдың 32 жастағы тұрғыны екен. Тергеу жұмысы облыстық ішкі істер департаментінің бақылауына берілді.
Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы жергілікті малшы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын.
Тағы да оқыңыз:
Үй-күйсіз кезбе марқұм күйеуінің туысқандарынан өзінің зейнетақасын ала алмай жүр
Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)