Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында алаяқтық жасаған заңгер ұсталды

Алматы полицейлері алаяқтарға қатысы бар 38 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Баширова 1979 жылы туған ШҚО тумасы. Бұрын да алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Тағы да алаяқтарға қатысты істі болып отыр.

«Бұл жолы Баширова қала ішінде заңгерлік кеңсе ашқан. Ол жерге жеке және заңды тұлғалар келіп кеңес сұраған. Күдікті клиенттеріне заңсыз қызмет ұсына отырып, қылмысын іске асыра бастағн. Ол лауазымды тұлғаларды сатып алу арқылы мәселені шешіп бере алатынын айтқан. Белгілі бір қаражат берсе, барлық мәселені шешетін таныстары барын айтқан. Мұндай қызметті ақшасы көтеретін клиенттеріне ұсынған.

Қалтасы көтеретін клиенттер 6 мыңнан 20 мың долларға дейін ақша беруге келіскен.

Осылайша күдікті алдау арқылы сенген азаматтарынан 50 мың доллар ақшасын алып қойған.

Бір ғана Бостандық ауданында бұған қатысты 7 іс тіркелді. Алаяқ әйелге алданып қалған азаматтар болса, 254-47-02; 254-47-59; 8-778-999-97-27 телефонына хабарласа алады.

Баширова 2009 жылы жазасын өтеу кезінде камерада қатар жатқан сотталушыны да алдап ақша алған.  Ол ақша берсе, жазасын өтеушінің ісін қайта қарауға жіберте алатынын айтып алдаған.

Тағы да оқыңыз:

Әнші Айгүл Бажанова діндар таксистен неге шошығанын айтты

Қазақстанда сатылатын балалар ойыншығынан улы химикаттар табылды

Алматы облысының полицейі жұмыс орнында тұратын болды

Талқылау