Алматы облысында 12 жасар қызды қонақ үйде зорлаған күдікті ұсталды
Іле ауданында 6 сынып оқушысын зорлаған 22 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
18-ші қаңтар күні аудандық ІІБ-не Междуреченск ауылының тұрғыны арызданып, баласын белгісіз адамның зорлап кеткендігі жайлы шағымданған.
«Бірнеше сағаттың ішінде күдікті анықталды. Қазір зорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 120 бабы 4-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Тергеу нәтижесінде, 1996 жылғы жігіт кәмелеттік жасқа толмаған қызға ауылдағы қонақ үйлердің бірінде жыныстық қарым-қатынас жасағандығы анықталды. Жігіт қонақ үйдің бөлмесіне алдын-ала тапсырыс беріп қойған. Ал жәбірленушіні ол жерге алдап алып келген.
“Қыздың келбеті үлкен көрінгенін және олардың арасындағы жыныстық қарым-қатынас келісіммен болды”, – деп түсіндірді күдікті тергеу кезінде. Бірақ жәбірленуші тарап күдіктінің сөзін жоққа шығарып отыр.
Қазір 1996 жылғы күдікті Іле ауданының ІІБ қамауда отыр.
Тағы оқыңыз:
16 жасар бала 7 сынып оқушыларына балтамен шабуыл жасап, мектепті өртеп жібермекші болды (видео)
Өзбекстан әскері қалайша Орталық Азиядағы мықты державаға айналды
Қорғаныс министрлігі кімдердің әскери борышын өтемеуге болатынын айтты
Бір адам мерт болды: Алматыда жол апатын жасаған Range Rover көлігінің күл талқаны шықты