Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үшемдердің ата-анасы сәби өліміне дәрігерлерді кінәлауда

Үшемдердің бірі жүрегіндегі ақаудан шетінеп кетті. Алматы облысында үшемді дүниеге әкеліп, артынан қайғы жамылып қалған ата-ана дәрігерлердің осындай уәжіне сенбей отыр.

454545454

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Сердечная недостаточность деп берген. Ол шын мәнінде олай болмау керек. Олар дені сау емес баланы осы күнге дейін реанимацияда алып жатады, пока толық жетілгенше”, – деді үшемнің анасы Айгүл Ысқақова.

Дәрігерлердің сәбилерді жансақтау бөлімінен шығарғандарына қарағанда үш нәрестенің де денсаулығы жақсы болған. Тәп-тәуір болып келе жатқан баланың шетінеуіне негізгі себеп – ол аурухана қызметкерлерінің салғырттығы. дейді Айгүл Ысқақова.

“Бала вакум ішінде жатқан. 10-15 грамм сүт бердім деп айтып келгенше бала вакумның сыртында жатыр. Сыртқа шығарып тастапты. Сонан кейін қорқып медсесетраны іздедім. 2-3 айналып іздеп таппадым. Реанимацияның адамдары қайта келіп баламды алып кетті”, – дейді анасы.

Баланы ақ халаттылар тірілтіп алған. Бірақ 4-5 сағат өтіп, сәбидің шетінегенін айтыпты. Жұртқа жұмбақ болып отырғаны ақ халаттылардан өзгесі аша алмайтын вакумды кім ашып кеткен? Сәбиді сыртқа кім шығарған?

“Мен өз тарапымнан ешқандай ақпарат бере алмаймын. Мені дұрыс түсініңіздер. Вакумды кімдер аша алады? Кімдер ашуы мүмкін? Оны анасы аша алмайды. Оны тек білетін медперсонал ашуы мүмкін”, – дейді Қарасай аудандық орталық ауруханасының директоры Сәуле Сауранбаева.

Аурухана басшысы вакуумды тек әріптестерінің ғана аша алатынын жасырмай айтты. Естеріңізде болса бұл істі Алматы облысының басшысы Амандық Баталов жіті назарына алып, жауаптылар жазаланады деген болатын. Осы күнге дейін аурухананың 6 қызметкері жұмыстан босатылған. Тексеру жұмыстары әлі аяқталмапты. Ал смартфондарын сескенбей ұстайтын Қарасай ауданының әкімдігі талай тірілікті тындырып тастадық деп мақтанды.

“Шыққан кезде «біз» оларға коляскасын алып бердік. Конверттарын выпискаға оны да «біз» бердік”, – дейді Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділ.

Қазір батыр ана 9 баласымен екі бөлмелі үйді жалдап тұруда. Жер берілгенмен үйді салып тастауға шамамыз келмейді дейді. Ал сараптама болса әлі жүргізіліп жатыр. Сондықтан да нақты жауаптар жоқ. Әйтседе жауаптылардың бұл жауапсыздығын жылы жауып қоя алмаймын дейді үшемнің анасы.

Оқи отырыңыз:

Оралда гамбургерден ұшынған 8 жасар қыз жансақтау бөліміне түсті

Мейрамбек Беспаевтың анасын құттықтауы қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

БҚО-да 6-сынып оқушысы әкесінен жыныстық зорлық көрген

Қазақстанда оқушыларды медтексеруден өткізуге гинекологтардың қарауын қосуды ұсынды

Талқылау