Алматы ІІД дәріден уланып көз жұмған 12 бала туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Алматы ІІД қалада көз жұмған 12 балаға қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Whatsapp желісінде бірнеше дәрілік заттарды қабылдап, аллергиясы қозып көз жұмған 12 бала туралы ақпарат тарап кеткен болатын.
Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Бұл қауесет 2015 жылы таралған. Сол кезде жалған ақпарат таратқан Астана қаласының тұрғыны ұсталған болатын. Ер адам ҚР ҚК 274-бабының 1-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын», – деді Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз:
Алматыда 9 балалы отбасы құдықтың суы қатып қалғандықтан қар ерітіп қолдануға мәжбүр (видео)
Атырау облысында қасқырдың қаншығы арланды өлтірген ауыл тұрғындарынан кек алуда
Ақтөбелік кәсіпкер жетім балаларды аяқ киім жөндеуге үйретіп жүр
Астанадағы жатақханада студент дәретхана тазалығы үшін көршісін пышақтап тастады