"Almaty aqshamy" газеті "Қазақстандағы Жыл таңдауы" мәртебелі марапатына ие болды

“Almaty aqshamy” ұжымы жыл бойы атқарған еселі еңбегін бүгін ерекше марапатпен, үлкен абыроймен түйіндеп отыр. “Қазақстандағы Жыл таңдауы” (№1 Choice of the уear in Kazakhstan) ұлттық жобасының “Мемлекеттік тілдегі республикалық қоғамдық-саяси газет” номинациясын жеңіп алды.
Бұл сыйлық аясында жыл ішінде көрсеткен жетістігі, қызмет сапасы мен ел ішіндегі беделі ең жоғары деп танылған брендтер, компаниялар және жобалар “Қазақстандағы №1” атағына ие болады. Сондықтан мерейін асырған осы мәртебелі марапат олардың үшін үлкен құндылыққа ие.
“Жобаның ұйымдастырушыларына, бізді бағалаған баршаға ағайынға алғыс білдіреміз. Газетіміздің “Мың жасаған шаһардың шамшырағы” деп аталуы тегін емес. Өйткені “Almaty aqshamy” отандық журналистикада, жалпы қазақ руханиятында өзіндік орны, өз тарихы бар басылым. Бұл газетте қазақтың қаншама марқасқалары, танымал тұлғалар еңбек етіп, өзінің қолтаңбасын қалдырды! Қазір біз заман көшінен қалмау үшін үлкен трансформациялар жасап жатырмыз. Жаңа бет-бейнеміз қалыптасты. Еліміздегі ең таңдаулы байқаудың айтулы жүлдесінің бізге бұйыруы – алдағы уақытта да әріптестерге үлкен шабыт сыйлайды деп сенемін. Жалпы, бұл жеңіс біздің “Alatau aqparat” медиахолдингінің береке-бірлігінің жетістігі, оның ішінде “Almaty aqshamy” ұжымының ынтымағы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білемін”, – деді салтанатты рәсімде “Alatau aqparat” медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы.

Айта кетейік, “Alatau aqparat” медиахолдингі құрамындағы “Almaty aqshamy” газеті жарық көріп келе жатқанына 37 жыл болды. Газетті тек алматылықтар ғана емес, республика тұрғындары мен шетелдіктер де оқиды. Сонымен қатар газетті “Air Astana” әуе компаниясының борттарынан, “Тальго” пойызының барлық бағыттарында, қаладағы танымал қонақ үйлерден, ресторандар мен кофеханалардан табуға болады.
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"