Алматы әкімдігі Сәкен Майғазиевке өнер мектебін ашып берді (фото)
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Майғазиев «SMart» деп аталатын өнер мектебін ашты,-деп жазды салтанатты жиынға барып қайтқан Stan.kz сайтының тілшісі.
Онда мектеп жасындағы балалар қабілетіне қарай оқуға қабылданады екен. Мысалы осы жылдың қыркүйек айынан бастап бұл мектеп жұмысын бастағалы тұр. Қазірдің өзінде 300 бала оқуға қабылданыпты. Алдағы уақытта тағы да қабылданады екен.
Мұнда эстрадалық вокал,домбыра,хореография, логопедия, қазақ тілі, ағылшын тілі, сахна тілі, актер шеберлігі, информатика деген пәндер бар.
Өнер мектебінің ашылу салтанатына көптеген танымал әншілер мен актерлер келді. Жаңа мектептің лентасын танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов кесті. Қазақ сахнасының ақсақалына өз кезегінде шапан жауылды.
«SMart» бастапқы қос әріп менің есімім мен тегім. «Art» сөзінің өнер екені баршамызға белгілі. Мен бұл мектеп арқылы пайдаға бататын болдым деп ойламаймын. Қалалық әкімдіктің қолдауы болды. Мұнда балаларды тек талантына қарап қабылдайтын боламыз. Бұл жерде өзім де сабақ беретін боламын. Басқа да әріптестерім балаларды өнерге баулитын болады»,-дейді әнші Сәкен Майғазиев.
Оқи отырыңыз:
Екіқабат дәрігер өзге емделушіні босандырып, 5 минуттан соң өзі де қызын өмірге алып келді
Ғалымдар: 2050 жылға қарай көзі көрмейтін адам саны 3 есеге артады
СҚО дәрігерлері рактың бастапқы белгілерін анықтайтын мобильді қосымша ойлап тапты
Дәрігерлер кәсіби қателіктері үшін салық төлейді