Алматының қақ ортасында есірткі жарнамасы пайда болған (видео)
Алматыда есірткінің жарнамалары қаладағы баннерлерде жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы парақшасында жазба қалдырыпты.
"Қаладағы билбордта есірткінің түр-түрін сатып алуға болатын сайт пен оған кіруге арналған QR-код көрсетілген. Бұған қоса есірткі жарнамасын берген адамдар iPhone және т.б. бағалы заттарды ойнатып жатқан көрінеді. Ұтысты алу үшін бірқатар шарттарды орындау қажет екен. Алайда баннер жаттығу-орталығын емес, есірткіні жарнамалап тұр. Сонымен қатар сайтқа тіркелген әрбір жаңа қолданушының электронды балансына 1000 рубль (шамамен 5000 теңге) ақша төленеді . Балаларды еліктірудің жақсы амалы ғой бұл", - делінген жазбада.
Сонымен қатар мұндай жарнамалар Нұр-Сұлтанда, Қарағандыда, Шымкент пен Өскенменнен бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстанда орын тауыпты. Ал Алматыда мұндай жарнамалар бірнеше күн қатарынан орталық көшелерде көрсетілген.
Алматылық желі қолданушысының айтуынша, жарнамаға тапсырыс берген ресейлік ұйым 2005 жылдан бері жұмыс жасап келеді екен.
Тengrinews.kz сайтының мәліметінше, қала әкімшілігі алғашында жарнамада көрсетілген QR-код арқылы заңға қайшы келетін ақпараты жоқ сайтқа кіруге болғандығын жеткізген.
"Кейіннен жарнама берушілер ақпаратты өзгертіп тастаған. Қазіргі таңда жағдай туралы құқық қорғау органдары хабардар, іс бойынша тексеріс жүргізілуде. Ал баннерлар шешіліп алынды", - депті қала әкімшілігінің өкілдері.