Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының бір ауданы газсыз қалған: Кінәлілер жауапқа тартылады

Алматы полициясы Түрксіб ауданындағы газ құбырының бүлінуін тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Алматы әкімдігінің мәләметінше, Түрксіб ауданындағы кәріз құбырларын өз бетінше төсеу барысында бүлінген орташа қысымды жерасты газ құбыры коммуналдық қызметтің жедел іс-қимылының арқасында қалпына келтірілді.

"У Асимы" мекемесіне кәріз құбырларын өз бетінше тарту барысында зақымданған. Жеке тұлғалар қалалық қызметтердің келісімінсіз түнде асфальтты ойып, газ құбырын зақымдаған. Салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтатылды", – деп атап өтті әкімдіктен.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның 150 жұмысшысы мен 6 техника жұмылдырылды.

Тұтынушылардың бір бөлігін үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында "АТКЭ" ЖШС-нің "Әуежай" қазандығы мәжбүрлі түрде резервтік отын – мазутқа ауыстырылды. 

"Дәмхана иесі мен мердігер жұмысты жүргізу үшін қаланың коммуналдық қызметтерінен қажетті рұқсат алмағаны анықталды. Түрксіб аудандық полиция бөлімі кінәлі тұлғаларды қолданыстағы заңнама бойынша жауапкершілікке тарту мақсатында тексеру жұмыстарын бастады. Алматы  Қала құрылысын бақылау департаменті аталған факті бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша жіберілген заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, оларды жою туралы ұйғарым шығарылады", – деп хабарлады әкімдік.

Еске салсақ, Ақтөбеде мас жүргізушінің кесірінен 500-ден астам отбасы газсыз қалғанын жазғанбыз.

Талқылау