Алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама не себепті келмеді
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінгенде ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, хабарлама келу үшін жер сілкінісі 5,5 балдан жоғары болуы керек.
"Хабардар ету жүйелері (mass alert) сілкініс қарқыны 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автомат түрде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкінісі қала аумағында 3 балл болды" , – делінген хабарламада.
Еске салайық, 5 қарашада Алматыда тұрғындар жер сілкінісін сезінген еді. Осыдан үш күн бұрын да Алматыдан 258 шақырым жерде жер сілкінген.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі