Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты ерекше құрметпен қарсы алды

Фото:ҰОК

Алматылықтар Михаил Шайдоровты зор құрметпен қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Милан Олимпиадасының чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты алматылық жанкүйерлер ерекше ықыласпен қарсы алды.

Айта кетейік, ол Алматы қаласының тумасы. Қала әуежайында чемпионды күтіп алған жанкүйерлердің қарасы қалың болды.

Михаил Шайдоров Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан жекелей сында ел намысын қорғады. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 5-орынға тұрақтаған ол, еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Екі бағдарлама нәтижесі бойынша спортшы 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша ол елімізге 32 жыл күткен алтын медальді сыйлады.


Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров “Милан-2026” шоуына қатыспайды


Спорт министрі Шайдоровтың жалақысын не себепті жария қылғанын түсіндірді


Еркін бағдарламада Михаил Шайдоров қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы SOS d’un terrien en détresse әніне өнер көрсетті.

Ақерке Өмірхан
Сенбі, 28 Ақпан, 2026 01:53