Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар мен астаналықтар үшін күз ерте басталады

бұлтты ауа райы

Фото: Pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнде – 17-19 тамыз аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы ауа райы болжамы

17 тамызда құбылмалы бұлтты болмақ, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз 7-12, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы күндіз 20-22 градус жылы.

18 тамызда да құбылмалы бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 19-21 градус жылы.

19 тамызда құбылмалы бұлттылық сақталады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус нөлден жоғары.

Алматыдағы ауа райы болжамы

17 тамызда мегаполисте құбылмалы бұлтты болады. Батыстан 3-8 жел соғады, екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз 28-30 градус нөлден жоғары.

18 тамызда құбылмалы бұлттылық сақталады, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 25-27 градус нөлден жоғары.

19 тамызда құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус нөлден жоғары.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 17 Тамыз, 2025 09:48
Талқылау