Алматылық оқушылардың жеке дерегі көшірілді: Білім басқармасы ақпаратты жоққа шығарды

Алматының Білім беру басқармасы қаладағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында оқитын оқушылардың жеке деректерінің таралуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Білім беру басқармасы оқушылардың жеке деректері тарады деген ақпаратты жоққа шығарды.
“Білім беру процесін есепке алудың жаңа цифрлық жүйесіне көшу аясында білім алушылардың, олардың заңды өкілдерінің және педагог қызметкерлердің жеке деректерін үшінші тұлғаларға беру фактілері болған жоқ”, – деп мәлімдеді ведомство.
Ведомствоның мәліметінше, жеке деректерді өңдеу білім беру ұйымдары тарапынан заң талаптарына сәйкес қатаң түрде тек білім беру процесін қамтамасыз ету мен ұйымдастыру үшін жүзеге асырылды.
- Қазақстандық оқушылар Kundelik-тен бас тартып, жаңа платформаға көшіріледі
- Kundelik жүйесіндегі балалардың деректерінің тарап кетуі: Компанияға айыппұл салынды
Басқарма азаматтарды және БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және расталмаған ақпаратты таратудан аулақ болуға шақырады.
Күні кеше Алматыда 200-ден аса мектептің дерегі ата-аналардың рұқсатынсыз Kundelik-тен Bilimland платформасына көшірілгені туралы жазған едік.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі