Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық оқушы әлемнің үздік оқу орындарынан шақырту алды

Алматылық түлекті әлемнің үздік 10 оқу орнына шақырып жатыр. 17 жастағы Дарын Өтеулиев жыл басында өтінім беріп, барлық сынақтардан өткен. 

Дарынды Гонконг, АҚШ, Австралия, Қытай елдерінде оқуға шақыруда. Қазір ол тағы 5 оқу орнының жауабын күтуде. Кейбір оқу орны ҰБТ нәтижесін сұраған, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілмете жасап. 

"Олардың сайтын толтырып, оқу орнына өтініш бердім. Ол жаққа өз нәтижеңді жібересің. IELS орталықтар мен SAT орталықтар арқылы сынақ нәтижесі мен университеттерді ресми жібересің. Мәселен, Гарвард, Стендфорд университеттеріне жібердім, бірақ олар өте беделді оқу орындары. Менің өтінімімді қабылдамаған секілді. Бірақ Гонконг та беделді оқу орны", - дейді Дарын. 

Оған қазақстандық, ресейлік оқу орындарын қоспағанда әлемдегі үздік он оқу орны есік ашып отыр. ҰБТ тапсырған соң тағы 5 оқу орны жауап береді. 

"Ресейлік ЖОО-ы ҰБТ нәтижесін талап етпейді. Ал, Оңтүстік-Шығыс, батыстағы оқу орындары талап етеді", - дейді мектеп директоры Алмаз Кұнғожин. 

Дарын шетелдік оқу орнының салыстырмалы түрде білім құнын 25-70 мың доллар аралығында екенін айтты. Сондықтан ол Қазақстандағы "Назарбаев университетіне" грантқа түсуді жоспарлап отыр.



 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр