Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық "Қайратпен" болған матч кезінде "Интер" ойыншысының үйін тонап кеткен

Фото: news.tek.fm

“Қайратпен” матч кезінде “Интер” футбол клубының танымал  ойыншысы  Алессандро Бастонидің үйін әлдекімдер тонап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі tuttosport басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 5 қараша күні кешке Бастонидің Бергамо провинциясындағы Изео көліне жақын орналасқан Кастелли-Калепио коммунасындағы үйінде болған. Қылмыс шамамен сағат 18:00-де, футболшы “Сан-Сиро” стадионында матчта жүрген кезде жасалған.

Ұрылар үйге желдету жүйесі арқылы кірген. Олар дабыл жүйесі іқосылғанына қарамастан, оқұнды заттарды алып кеткен. Ұрлық кезінде үйде ешкім болмаған. 

Мәліметке сәйкес, виллаға төрт адам кіріп, бірнеше минут ішінде қымбат сөмкелерді, екі Rolex сағатын ұрлап кеткен. Олар күзет келгенше ізін суытқан.

Скрин Nerazzurri Society

Айта кетейік, бұған дейін 5 қараша күні Чемпиондар лигасының 4-турында “Қайрат” пен “Интер” матч өткізгенін жазған едік. Нәтижесінде алматылық клуб “Интерден” 2:1 есебімен жеңілген еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 08 Қараша, 2025 13:20