Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық азамат компьютерлерді тегін жөндеп, мұқтаж жандарға таратып жүр

Алматылық тұрғын Равиль Сафиулин компьютерлер мен ноутбукті тегін жөндеп, мұқтаж жандарға таратумен айналысады. Қайырымыдылыққа жаны құмар азаматтың әрекетін ризашылық білдірген отбасылар Еуразия телеарнасына шығаруды ұсынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеодан кадр

Равиль отбасымен пәтер жалдап тұрады. Денсаулығына байланысты тұрақты жұмыс істемейді, тек қолы қалт еткенде мұқтаж жандардың компьютерін тегін жасаумен немесе істен шыққан техниканы қалпына келтіріп таратумен айналысады. Ал әйелі кәріс салатын жасап сатады. Сол ақша өмір сүруге жетеді дейді. Олардың қайырымды ісіне риза болған тұрғындар әрқашан ризашылықтарын білдіріп әлек. 

Равиль осы күнге дейін жалғыз басты көпбалалы аналарға, мұқтаж жандар мен мүгедек балаларға, сондай отбасыларға жиі көмектеседі. Техникасы бұзылса жөндеп береді не қолында барын сыйлайды. Тіпті ол ең алғаш кімге көмектескенін де ұмыта қоймапты. 

“Ең алғаш онкологиямен ауыратын кішкентай қызға ноутбук сыйладым. Өкінішке орай бүлдіршін 2018 жылы аурудан көз жұмды”, - деп еске алады ол. 

“Көпшілігі өздеріңді жарылқай алмай жатып неге басқа адамдарға көмектесесіңдер деп сұрап жатады. Бірақ байлық материалдық дүниемен өлшенбейді ғой. Бүгін бар, ертең жоқ. Оның үстіне ешкім мәңгілік емес. Сондықтан қолдан келгенше қазір көмектесуге ұмтыламыз”, - дейді Равильдің жолдасы Лариса Насифулина. 

Равиль мен Ларисаның екі баласы бар. Мектепте оқиды. Жақын күндері аталмыш отбасы шағын қор құруды жоспарлап отыр. Сол арқылы мейірімді жандардың істеріне қолдау білдіретініне үмітті. 

Олжас Нұржақып
Сәрсенбі, 31 Мамыр, 2023 12:51
Талқылау