Алматыға жылу қашан беріледі – Әкімдік жауап берді
Алматы қаласының әкімдігі күннің ерте суып кетуіне байланысты жылыту маусымы қашан басталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com
“Жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, Алматыда нысандарда жылуды кезең-кезеңімен қосу сыртқы ауаның орташа тәуліктік орташа температурасы +8°С және одан төмен болған кезде, уәкілетті органның қаулысы негізінде 5 күннің ішінде қосады”, – деп мәлімдеді әкімдік.
Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарда жылу қосылады:
- Балалар, медициналық, мектеп мекемелері, кәсіптік лицейлер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- Тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
- Әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- Басқа ғимараттар.
Бұған дейін мамандар биыл жылыту маусымына дайындық толық әрі тез өтіп жатқанын айтқан еді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен