Алматыдан бірнеше шақырым жерде 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Қытайдың Қазақстанмен шекаралас аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі 2025 жылғы 2 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 09:40-та тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде орналасқан.
Картадан скрин
Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 балл болған. Энергетикалық классы – 10,9. Тереңдігі – 12 шақырым.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның жер сілкінісі ең көп тіркелетін елдердің қатарына кіргені туралы жазған едік.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық