Алматыдағы ЖОО-да студент пышақпен шабуыл жасаған оқытушы қайтадан жұмысқа кірісті

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент пышақпен шабуыл жасаған оқытушысы қайтадан жұмысқа кірісті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілердегі ресми емес ақпаратқа сүйенсек, жанжал ALT University-де бағаға байланысты болған. Алайда кейбір қолданушылар студенттің басқа кафедрада оқитынын және оқытушымен оқу кезінде жолықпағанын жазып жатыр.
Вице-министр бұл оқиғаны жол беруге болмайтын жағдай деп атады.
"Әрине, мұндай жағдайларға жол берілмеуі керек. Қалай болғанда да, бұл оқу орны. Бұл жағдайда студент пен оқытушы арасында жеке жағдай қалыптасқан. Біздің мәліметімізше, сол сәтте жанында болғандар дер кезінде әрекет еткен. Оқытушы бүгін қайтадан жұмысқа кіріскен", - деді Көбенова Сенаттағы брифингте.
Вице-министр шабуыл жасаған студент оқудан шығарыла ма деген сұраққа жауап бермеді. Оның айтуынша, тергеу аяқталған соң бұл мәселе қаралуы мүмкін.
Қазақстандағы басқа университеттердің басшылығымен профилактикалық әңгіме өткізілген. Ғылым министрлігі апта сайын тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлармен кездесіп отырады. Қауіпсіздік мәселесі де жақын уақытта қаралады, деп қорытындылады вице-министр.
Оқытушыға жасалған шабуыл фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда студент оқытушысына пышақпен шабуыл жасағаны хабарланған еді.