Алматыдағы жылу электр орталықтары жылдың соңына дейін газға көшеді

Энергетика министрлігі Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 станцияларын газға көшіру жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ЖЭО-2 нысанын газға көшіру жұмыстары 2024 жылы басталған. Қазіргі таңда жобаның дайындық деңгейі 64%-ға тең. Нысанда шамамен 1500 жұмысшы еңбек етіп жатыр, ал қажетті жабдықтардың басым бөлігі сатып алынған. Станцияны пайдалануға беру 2026 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Жоба кестеден кешігіп жатқан жоқ.
Ал ЖЭО-3 нысанында жұмыстар біршама күрделірек жүріп жатыр. Бұған дейін Энергетика министрі құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін сынға алған еді. Соған қарамастан, қазір алғашқы турбина мен генератор жиынтығы орнатылды, ал екінші жиынтық қоймаға жеткізілген.
Мердігер ұйымдар жұмыс қарқынын күшейтіп, екі ауысымды режимге көшкен. Энергетика министрлігі екі станция да 2026 жылдың соңына дейін толықтай газға көшетінін растады.
- Астанадағы ЖЭО-3-тің қазіргі жағдайы қалай: Энергетика министрлігі түсіндірді
-
Қазақстанның шығысында жүздеген миллиард теңгеге көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО салынбақ
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы ЖЭО-ларды газға көшіру туралы алғаш рет 2020 жылы айтылған. Кейін 2023 жылдың сәуірінде ЖЭО-2-ні жаңғырту жұмыстары Ресей мен Украинадан жабдық жеткізуге байланысты қиындықтарға тап болып, жоба мерзімі созылып кеткені хабарланған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған