Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жағалаудан гранит тақталарды ұрлағандарға қылмыстық іс қозғалды

Фото: Желі кадрларынан

Алматыда Үлкен Алматы өзенінің жағалауынан алынған гранит тақталар ұрланып, кейін түнде құлпытастар жасайтын цехқа жеткізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерде "Павлодар өзен порты" компаниясының мердігерлері Бостандық аудандық полиция бөліміне арыз түсіргені туралы ақпарат тарады. Олар жағалаудан алынған ескі гранит тақталардың ұрланғанын хабарлаған.

Белсенді Санжар Бокаев ұстап берген жүргізуші ұрлыққа қатысы барын мойындағаны туралы да айтылып жатыр.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаның болғанын растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.



Полиция мәліметінше, Бостандық ауданының полициясы бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір қылмысты ашу және кінәлілерді жауапқа тарту үшін тергеу және іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін блогер Үлкен Алматы өзені жағалауындағы гранит тақталардың ұрланып жатқан сәтін видеоға түсіріп алғаны туралы хабарлаған едік.

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Қыркүйек, 2025 12:21
Талқылау