Алматыдағы үйлердің бірінде ерлі-зайыпты қарияларды өлтіріп кетті
Алматыдағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Олардың танысы өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 27 қарашада Алматының Түрксіб ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптының 56 жастағы танысы жанжалдың салдарынан қарттарды өлдірді деген күдікке ілінді.
"Түрксіб аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Жаркентте әскери бөлімше капитанының мәйіті табылған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі