Алматыдағы Сайран көліндегі қалқыма көпір алынып тасталды: Әкімдік себебін түсіндірді

Фото: Видеодан скрин
Алматы әкімдігі биыл ғана орнатылған Сайран көліндегі қалқыма көпірлердің не себепті алынып тасталғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Сайран көліндегі қалқыма көпірлер қыс мезгіліне орай жыл сайын жүргізілетін консервация жұмыстарына және көлдегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты уақытша алынды”, – деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.
Көлдегі су деңгейі келесі жылдың көктемінде қалпына келгеннен кейін көпір қайта орнатылады.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, конструкцияларды қанағаттанарлық техникалық күйде сақтау үшін демонтаж бен қайта құрастыру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен