Алматыдағы Orda City тұрғын үй кешені бұзылып жатыр
Коллаж: Stan.kz
Сот шешімімен Алматыдағы Orda City тұрғын үй кешені бұзылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша қаладағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтіліп жатыр.
Қалалық құрылыс бақылау басқармасы "Теректі" шағынауданындағы Айналма көшесі, 183-учаскеде орналасқан заңсыз нысанды бұзу басталғанын хабарлады. Бұған дейін бұл тұрғын үй кешені БАҚ-та пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үйлер тізімінде көрсетілген еді.
“Анықталғандай, құрылыс салушы – "Investment Stroy" ЖШС аталған тұрғын үй кешенін рұқсатсыз салған. Бұл факт жоспардан тыс тексеру барысында анықталған. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (СМЭС) нысанды бұзу және шұңқырды қайта көміп тастау жөнінде талап арыз берілген.2023 жылғы 12 шілдеде сот құрылыс бақылау басқармасының талаптарын қанағаттандырды. Апелляциялық шағым қаралғаннан кейін Алматы қалалық соты СМЭС шешімін өзгеріссіз қалдырды. Іс материалдары орындау үшін әділет департаментіне жіберілді. Нысанды бұзу жұмыстары кеше сот орындаушыларының қатысуымен басталды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда заңсыз салынған таунхаус сүрілген еді.

Оралдықтар көпқабатты үйдің ауласында Құрбан айт тойлаған: Олар енді айыппұл арқалай ма
