Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы метро құрылысы: Аялдама санын ұзарту үшін сатып алынатын жер иелеріне ақша қашан төленеді?

Алматыдағы метро құрылысы Абай даңғылы бойымен Қалқаман ықшам ауданына қарай жалғасады. Әкімдік тиісті жер телімдерін сатып алу үшін ақшаны қашан беретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

метро

Өткен жылы Әшімов көшесіне жалғасатын метро құрылысы бойынша 90-нан аса жер телімі сатып алынатыны айтылған. Әкімнің Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде осы мәселе қозғалды. Жер иелері былтыр бағалау жұмыстары жүргізілгенімен, ақша әлі берілмегенін айтып дабыл қақты. 

“Метро салуға байланысты Әшімовтан төмен қарай Наурызбай ауданында жерлерімізді әкімшілік сатып алып жатыр. Соған былтыр бағалау жұмыстарын жасап, желтоқсан айында ақшаларыңызды аласыздар деді. Бірақ ол кезде бермеді. Енді мамырдың 10-ы деп еді, тағы жоқ. Осы сұрақ қашан шешіледі?” – деп сұрақ қойды тұрғындардың бірі. 

Ерболат Досаев бұл сауалға былай деп жауап берді. Яғни оның сөзінше, мамыр айының соңына дейін бәріне ақша берілмек екен. 

“Өткен аптада бағалау жұмыстары жүргізілді. Енді әрқайсыңызды жеке шақыратын болады. Тиісті шартқа қол қоясыздар. Қаражат бар. Маған енді осы қол қойған қағаздар керек. Одан кейін бірден төлеп береміз. Мен алдында мамыр айының соңына дейін сатып алатын жерлердің сұрақтарын шешіңдер деп тапсырма бергенмін”,  – деді әкім. 

Еске салайық, бұған дейін Абай-Яссауи қиылысынан басталып “Барлық” базарына дейін созылатын метро желісі бойынша жерлер 2025 жылғы 4 сәуірге дейін сатып алынатынын жазған едік.

Талқылау