Алматыдағы барахолкада тағы да өрт болды. ТЖМ базардағы өрттің толық сөндірілгенін хабарлады
Алматыдағы барахолкада тағы да өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігі базардағы өрттің толық сөндірілгенін мәлімдеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрт шыққаны туралы хабар сағат 12:00 түскен. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері оқиға орнына келген кезде "Кенжехан-2" киім-кешек базарының аумағындағы контейнерлік үлгідегі қоймадан өрт шыққаны анықталды.
Төтенше жағдайларды жедел жою жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы бойынша бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылған.
- Атырау облысында Теңіз вахталық қалашығында өрт болған (видео)
- Каспий жағалауында ірі қамыс өрт болып жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің сөндірілгенін хабарлады.
“Сағат 12:52-де өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасуда”, – делінген хабарламада.
Талқылау