Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы "Бақорда" сауда үйінің аумағында өрт шықты

Алматыдағы "Бақорда" сауда үйінің аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер 6 минутта "Бақорда" сауда үйінің ауданындағы қоқыс пен дүкеннің өртін ауыздықтады.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қыркүйек күні сағат 14:45-те Алатау ауданы Рысқұлов даңғылы, 103 мекен-жайы бойынша өрт шықты.

"Сағат 14:54-те қоқыс өрті анықталды, өрт көрші дүкендерге тарады. Соның бірі – үш қабатты көлік бөлшектерін сататын дүкен. Өрт 6 минутта оқшауланып, сағат 15:09-да ауыздықталды. Дүкендердің сауда орындарында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрттің шығу себебі анықталуда", – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Талқылау