Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Әуезов ауданының әкімдігі өз ғимаратын жөндеу үшін 1,7 миллиард теңге қаржы бөлген

Әуезов ауданы әкімдігінің ғимаратын күрделі жөндеуФото: yandex.com

Алматы қаласы Әуезов ауданының басшылығы әкімдік ғимаратын жөндеу үшін 1,7 миллиард теңге бюджет қаражатын бөлген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған ақпаратта, Әуезов ауданының әкімдігі әкімдік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін 1 695 396 339 теңге бөлген. 


"Шетелдік қонақтар үшін": Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге жаңа көліктер сатып алмақ


Желі қолданушылары президентінің бюджет қаражатын үнемдеу жөніндегі тапсырмасына қарамастан, толықтай жарамды әкімдік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуіне наразылық білдірді. Кейбір пікір білдірушілер мұндай қаржыға тағы бір әкімдік ғимаратын салуға болатынын айтып, сынға алды.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысының жаңа әкімі 400 миллион теңгеге жиһаз алатыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 21:51
Талқылау