Алматыдағы 40 қабатты ғимараттың құрылысы жалғасатын болды

Алматыдағы 40 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы уақытша ғана тоқтатылған, оның орнына әлеуметтік нысан немесе сквер салу мүмкін болмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтің сауалына жолдаған жауапта мәлімдеді.
“Жоғарыда көрсетілген объектіні жоспардан тыс тексеру барысында "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 17-бабы 1-тармағы, 4, 4-1, 5, 6-тармақшаларын, 68-бабы, 12-тармағы талаптарын бұза отырып, тапсырыс беруші коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көпфункциялы тұрғын үй кешенін салу үшін шұңқырды қазу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағанын, сондай-ақ мұнара краны үшін негізді құюды белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаулардың сүйемелдеуінсіз, құрылыс монтаждау жүргізудің басталғаны туралы хабарламасыз бастағаны анықталды. 2025 жылғы 2 қыркүйектегі жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге қатысты Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, жіберілген бұзушылықтарды жою және тоқтата тұру туралы нұсқама берілді”, – деп жазылған әкім жауабында.
Аталған нысанның жобасы тиісті органдардың мақұлдауынан талапқа сай өткен көрінеді.
“Алматы қаласының әкімдігі бұл учаскенің жеке меншікте болуына және тапсырыс берушінің 40 қабатты тұрғын үй кешенін жобалауға бастапқы рұқсат беру құжаттарын (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, эскиздік жобаны келісу) алуына байланысты осы учаскеде сквер немесе әлеуметтік объектіні қарастырмайды”, – дейді Дархан Сатыбалды.
Еске салсақ, бұған дейін алматылықтар қала орталығында 40 қабатты ғимарат салуға қарсы петиция жариялағаны туралы жазған едік. Тұрғындардың наразылығынан кейін 40 қабатты RAMS Beyond Almaty ғимаратының құрылысы тоқтатылған еді.
Артынша депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, Rams компаниясы жұмысты тоқтату туралы нұсқамаға қарамастан, Алматыдағы Rams Beyond Almaty атты 40 қабатты кешеннің құрылысын қайта жалғастырғанын мәлімдеді.
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"
"Оқушылар аттестатпен қатар, кәсіп алып шығады": Қазақстандық жігіт Таиландтағы мемлекеттік мектепте ағылшын тілінен сабақ береді
Рахат: "Таиланда дүниеге келіп, Қазақстанда болып көрмеген қыздарым менімен қазақша сөйлеседі"